12.05.2023, 20:30

ӘЧ: Тағы бір қазақ боксшысы финалға шықты (ВИДЕО)

Фото: ҚБФ
Ол қарсыласын 5:0 есебімен жеңді.

Ташкент қаласында ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Дулат Бекбауов финалға шықты деп хабарлады turkystan.kz.

67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дулат Бекбауов грузиялық Лаша Гурулимен кездесті. Ол қарсыласын 5:0 есебімен жеңді.

Қазақстандық боксшы финалда Асадхужа Муйдинхужаев (Өзбекстан) – Мишельт Баттумур (Моңғолия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Бүгін кешкі сессияда Асланбек Шымбергенов (71 кг) пен Нұрбек Оралбай (80 кг) жекпе-жектерін өткізеді.