13.05.2023, 03:30

Шымкентте бірден 5 көлік соқтығысты

Фото: NewTimes.kz
Куәгерлердің айтуынша, апатқа Chevrolet жүргізушісі кінәлі.

Шымкентте бірден 5 көлік соқтығысты. Көлік апаты Ж.Тәшенов пен Н.Төреқұлов көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұнда 5 көлік – Lada, Ваз 2115, Hyundai Tucson, Toyota Prado және Chevrolet соқтығысқан.

Оқиға салдарынан 3 адам зардап шекті, екеуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетіліп, біреуі ауруханаға жатқызылды.

Куәгерлердің айтуынша, апатқа Chevrolet жүргізушісі кінәлі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.