13 мамырда күн райының бұзылуына байланысты «Қазгидромет» РМК бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астана қаласында найзағай ойнап, шығыстан жел соғады. Күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с артады.
Алматы қаласында күндіз найзағай ойнап, жел соғады.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 23 м/с күшейеді. Өңірдің шығысында жоғары өрт қаупі болжанады.
Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы кей уақытта 23 м/с артады. Облыстың солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде күндіз шаңды дауыл тұрады. Желдің күші – 15-20 м/с. Өңірдің солтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі болжанады.
Шымкент қаласында найзағай ойнап оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Атырау облысының солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с күшпен жел соғады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, өңірдің солтүстігі мен батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ болжанады. Желдің екпіні 25 м/с жетуі ықтимал.
Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысы мен орталығында екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қызылорда облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз өңірдің орталығында күші 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысып, күндіз күші 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы 25 м/с артуы ықтимал.
Күндіз Абай облысының солтүстігі мен орталығында найзағай болжанады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігі мен орталығында күші 15-20 м/с құрайды.
Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігі мен батысында қатты жаңбыр, найзағай болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Шығыстан соғатың жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болжанады.
Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында, күндіз оңтүстігі мен орталығында найзағай күтіледі. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Алакөл көлдері ауданында 25 м/с жетуі ықтимал.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнап, 15-20 м/с күшпен жел соғады.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күші 15-20 м/с құрайды.
Таңертең және күндіз Павлодар облысының оңтүстік-батысыңда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ болжанады. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік жүреді. 15-20 м/с күшпен жел соғады.