13.05.2023, 15:30

Оралда 15 жасар қыз көп қабатты үйдің төбесінен секірмек болған

Фото: pixabay
Қазіргі уақытта психологтар жасөспіріммен жұмыс істеуде.

12 мамырда кешке полицияға 15 жасар қыздың жоғалып кеткені туралы арыз түсті. Полиция оны түні бойы іздеген. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Таңертең қыз көпқабатты үйлердің бірінің төбесінде табылды, ол жоғарыдан секірмек болған. Ювеналды полиция инспекторлары Рамазан Жадигеров пен Әділ Сахипкереев баланы құтқарып үлгерді. Қазіргі уақытта психологтар жасөспіріммен жұмыс істеуде. Тергеу мән-жайларды анықтайды.