$ 498.34  519.72  4.85

Шымкенттегі жанармай құю бекеті резервуарына жай түсті

Сыйымдылығы 23 тонналық жерасты резервуарында 11 тонна дизельдік отын болған.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Шымкентте қаладағы жанармай құю бекеттерінің бірінде 11 тонна дизельдік отын сақталған жерасты резервуарына найзағай түсті. Станцияда түтін шықты, деп хабарлайды Шымкент ТЖД баспасөз қызметі.

Шымкент қалалық ТЖД «101» кезекшілік-диспетчерлік қызметіне 12 мамыр күні сағат 18:57-де жанармай бекеті резервуарына найзағай түскені хабарланған.

«Оқиға Байтұрсынов көшесінің бойында Тұран ауданында, «Ладушки» дәмханасының маңындағы «TS» жанармай бекетінде болған. Сыйымдылығы 23 тонналық жерасты резервуарында 11 тонна дизельдік отын болған. Оған найзағай түсіп, түтін шыққан. Өрт шықпаған, оның алдын алу мақсатында цистерналарға көбік шашып, салқындатқан. Сағат 19:10-да осы рещервуарға көбік шашу жұмысы аяқталды. Ешкім зардап шеккен жоқ», - деді Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Оқиға орнында Шымкент қалалық ТЖД Өрт сөндіру қызметі жеке құрамның 13 адамы мен 2 техника жұмыс істеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары