$ 498.34  519.72  4.85

Махмұд Сабырхан өзбек боксшысын екі рет нокдаунға түсіріп, әлем чемпионы атанды

Осылайша, Махмұд Сабырхан Санжар Тәшкенбайдан кейін Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан екі жыл бұрын Белградта өткен әлем чемпионатында күміс жүлде алып, қазақтың Ломаченкосы атанып кеткен түркістандық Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық, Джизак облысының өкілі Ойбек Джураевпен қолғап түйістірді.

Бірінші раунда Махмұд соққыларын дәл жұмсап, төрешілердің бәрін өзіне бұрды – 5:0. Екінші кезеңде бес қазының төртеуі басымдықты қазақ боксшысына берді. Үшінші раундта М.Сабырхан қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Сөйтіп оны бет қаратпай, айқын басымдылықпен ұтты.

Осылайша, Махмұд Сабырхан Санжар Тәшкенбайдан кейін Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды.

Бүгін сондай-ақ Қазақстаннан Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай финалда өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Санжар Тәшкенбайдың Ташкентте бокстан әлем чемпионы атанғанын жазған едік.

Сондай-ақ Дулат Бекбауов бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды.

Санжар Тәшкенбай бұдан да биік шыңдарды бағындыратынын айтты.

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста Стивен Батлерді нокаутпен ұтты.

Бүгін Ташкентте қазақстандық үш боксшы чемпиондық атақ үшін рингке шығады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары