$ 478.93  534.96  5.16

«Балалар жылап қалды»: Павлодарда ер адам күшігін жұрттың көзінше терезеден лақтырып өлтірді

Жануар сол жерде өліп кетті.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Павлодарда ер адам күшігін жұртшылықтың көзінше көп қабатты үйдің терезесінен лақтырып жіберген. Жануар сол жерде өліп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақпарат "Павлодар жүректері" Instagram парақшасында жарияланды. Мәліметтер бойынша, ер адам көпқабатты үйдің терезесінен күшігін лақтырып жіберген, жануар оқиға орнында өлген. Ең сорақысы бұл көріністі балалар көріп, еріктілерге айтқан.
"Мас адам күшікті терезеден лақтырып жіберді. Күшік бірден өлді. балалар мұның бәрін көріп, мас адамның қалай еңкейіп, күшікті терезеден лақтырып жібергенін айтып берді. Балалар жылап қалды. Маскүнемге баптың 1-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 316 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген басылымда.
Бұл оқиғаға қатысты облыстық департаментте түсініктеме берді.

"Оқиға орнына жеткен полицейлер Торайғыров көшесіндегі үйдің үшінші қабатындағы терезеден 54 жастағы азаматтың күшігін лақтырып жібергенін анықтады. Ер адам мас күйінде болғандықтан, уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды. Жануарларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары