$ 498.34  519.72  4.85

Қазақ-өзбек шекарасы арқылы 3 центнер насыбай алып өтпек болған

Шекарашылар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекарадан 300 келіге жуық насыбайды заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері хабарлап отыр.

Ірі көлемдегі контрабанда жолаушылар пойызының бір вагонынан жасырылған.

Шекара күзетшілері "Кунград-Бейнеу" бағытындағы пойызды тексеру кезінде вагонның төбе бөлігіне жасырылған 284 келі насыбайды анықтаған. Вагонның жолсерігі қазір құқық қорғаушылардың сауалдарына жауап беріп жатыр. Жүктің кімге тиесілі екені де анықталуда.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық шекарашылар Ресейге құны 10 миллион теңгенің насыбайын алып өтпек болған қазақстандықты ұстаған болатын. Контрабанданы күдікті автокөлікке салып алғаны анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары