16.05.2023, 18:00

«Маған қарсы ақпараттық соғыс болып жатыр» – Жигули Дайрабаев

Фото:t.me/mazhilis_kz
Василий Ковешников депутаттың Марат Дайрабаев атты ұлы бірнеше рет қол көтергенін айтты.

Жамбыл облысының 60 жастағы тұрғыны Василий Ковешников   Алматыдағы баспасөз мәслихатында Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары «құлдықта адам ұстағанын» айтып, айыптаған. Осыған Жигули Дайрабаевтың өзі жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Василий Ковешников депутаттың Марат Дайрабаев атты ұлы бірнеше рет қол көтергенін айтты.

«Ешқандай құлдық туралы әңгіме болуы мүмкін емес. Ол өз еркімен сонда болды. Сондықтан кез келген уақытта жұмысты тастап кетуге мүмкіндігі болды. Тіпті солай істеді. Бұл оның құқығы. Өңірде емін-еркін жүріп тұрып жүргендіктен құжаттары оның жанында болды», – дейді депутат ГосАрхив Telegram-арнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін Василий Ковешников Дайрабаевтың екі ұлы Меркіде сатып алған үйінде жұмысқа жегіп, құлдықта ұстағанын айтқан болатын.

Айта кетейік, бұған дейін депутат Жигули Дайрабаевтың екі ұлы, атап айтқанда Марат Дайрабаев және Дидар Молдақалықтардың  субсидиялау қағидаларын бұзып, сатып алынған «Альбион»құлпынай көшеттерін жеке мақсаттарына пайдаланғаны анықталған болатын.