$ 494.87  520.65  4.91

Еліміз интернет жылдамдығы бойынша Орталық Азия елдері арасында көш бастады

Қазақстан ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Интернет жылдамдығы бойынша рейтингте Қазақстан 11 сатыға жоғары көтеріліп, 72-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстан ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр.

Рейтинг қорытындысы бойынша, Армения – 80-орында, Қырғызстан – 83-орында, Өзбекстан – 104-орында, Беларусь – 126-орында, Тәжікстан –129-орында.

"Жалпы, Қазақстандағы интернет жылдамдығы бір жылда 47,9%-ға артқан. Көрсеткіш 2022 жылдың сәуірінде секундына 20,7 мегабит болса, 2023 жылдың сәуірінде секундына 30,62 мегабитке дейін көбейген. Басқа елдермен салыстырғанда айырмашылық айтарлықтай байқалады", - делінген хабарламада.

Арменияда жылдамдық секундына 26,25 мегабитті, Қырғызстанда секундына 25,83 мегабитті, Өзбекстан мен Тәжікстанда секундына 20,9 және 11,38 мегабитті құрайды.

Агенттіктің мәліметінше, Орталық Азияда 2022 жылдың соңында "Tele2 Қазақстан-да" көрсеткіш жақсы болған. Мұндағы жылдамдық – секундына 27,25 мегабит.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары