$ 498.34  519.72  4.85

Автокөлік тарихын қалай тексеруге болады? (ВИДЕО)

Бұл көліктің жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын қосымша тексеруге мүмкіндік береді.

"Автокөлік тарихы" сервисі іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар екі миллионнан аса көлік құралын тексерді, - деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

ІІМ пайдаланылған көлікті сатып алмас бұрын оны тексеру керек екенін ескертеді. Бұған немқұрайды қарауға болмайды, өйткені ол көптеген проблемадан сақтайды, сондай-ақ автокөліктің болашақ иесіне қосымша ақпарат береді.

Қазақстанда автокөлік тарихын онлайн-режимде көруге болады. Ішкі істер министрлігі іске қосқан "автокөлік тарихы" қызметі азаматтарға автокөлік сатып алғанда оның тарихы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді:

автокөліктің Қазақстанда алғашқы тіркелу күнін;

бұрынғы иелерінің санын;

кепілдіктер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын, сонымен қатар басқа да мәліметтерді көре алады.

Қазіргі уақытта қызмет Smart Bridge-де орналасқан. Сервис "102" және Halyk Bank, Bereke Bank, CenterCredit, ForteBank мобильді қосымшаларында, сондай-ақ Aster.kz сайтында қолжетімді.

ІІМ "автокөлік тарихына" "бірыңғай сақтандыру деректер базасын" қосуды жоспарлап отыр. Бұл көліктің жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын қосымша тексеруге мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары