Сәуір айының соңында Астана тұрғындарының елордадағы тротуарларды пайдалану жайлы және біздің тротуарларды тест-драйв жасау тақырыбында әлеуметтік сұрағынан кейін біз қаладағы проблемалық және апатты жерлер туралы онлайн ақпараттар жинадық.
Астаналықтарға тізімді қалыптастырудағы белсенділігі мен көмегі үшін зор алғысымызды білдіреміз. Сіздер Астанада 100-ден астам мекен-жай жібердіңіздер, онда тротуарлар нашар жағдайда немесе мүлдем жоқ. Біз оларды тексеріп, фотосуретке түсірдік, содан кейін мекен-жайлары бар барлық нүктелерді елорда әкімдігі үшін бірыңғай тізімге енгіздік.
Жаңа адамдардың белсендісі Арлен Таңатұлы тізімді қала әкімдігіне елордадағы тротуарларды жөндеуді талап етіп тапсырды. Әкімдік жауабын келесі видео бейнесінде көріңіз...