«Дядя Ваня» Telegram-арнасы қазақстандық теннисшілер мансабында қанша гонорар алғанын есептеді, деп жазады Prosports.kz.
Римдегі WTA 1000 турнирінде жеңіске жеткен Елена Рыбакинаның мансабында алған жалпы сыйақысы 10 млн доллардан асты. Бұл соманың үштен бірін ол 2023 жылғы маусымда тапты. Биыл отандасымыз Индиан-Уэллс пен Римдегі турнирде топ жарып, Майамидегі турнир мен Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты.
Мансабында ең көп гонорар алған Топ-10 қазақстандық теннисші (АҚШ доллары):
1. Елена Рыбакина – 10 155 965 (билығы маусымда – 3 795 007) 2. Михаил Кукушкин – 6 815 090 (33 848) 3. Ярослава Шведова – 6 717 223 (0) 4. Юлия Путинцева – 6 442 126 (266 835) 5. Александр Бублик – 4 618 096 (339 736) 6. Зарина Дияс – 3 682 468 (0) 7. Андрей Голубев – 3 229 737 (40 391) 8. Галина Воскобойникова – 2 525 167 (0) 9. Александр Недовесов – 1 253 165 (43 131) 10. Анна Данилина – 660 132 (76 990).