$ 498.34  519.72  4.85

Астанадағы су тапшылығы: коммуналдық мекеме тұрғындарға үндеу жасады

Кәсіпорын тіпті суды сатып алатын мекемелердің тізімін жариялады.
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Астана халқының өсуіне және құрылыстың қарқынды жүруіне байланысты халықты сумен қамту мәселесі туындады, деп хабарлайды "Астана Су Арнасы" баспасөз қызметі.

Кәсіпорын баспасөз қызметінің хабарлауынша, су өндіретін кәсіпорынның жобалық қуаттылығы азайған.

"Биыл 28 наурыздан бастап кәсіпорын су қысымын реттеу шараларын енгізуге және оны босату кестесін белгілеуге мәжбүр болды. Сондай-ақ жеке секторларда суару маусымы басталды, тиісінше бұл ауызсудың көптеп пайдаланылуына алып келеді. Осыған байланысты тұрғындардың бір бөлігі сусыз қалды", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты мекеме жеке сектордың барлық тұрғынынан суды тек қатаң белгіленген уақытта, яғни суару үшін 23:00-ден 06:00-ге дейін пайдалануды сұрайды.

Кәсіпорын тіпті суды сатып алатын мекемелердің тізімін жариялады.

"Егер бұл ыңғайсыз болса, техникалық суды төмендегі мекенжайлардан сатып алуға болады: КТС, Қорғалжын тас жолы, 47; Көктал, 1 көшесі, "Тұлпар" ат клубының ауданы; Алаш тас жолы, КСС-28 автоматикасы; Жансүгіров, 7 және Ғ. Мұстафин мен Қобыланды батыр көшелерінің қиылысы", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар белгіленген кестеге қарамастан, қаланың көптеген үйлерінде су қысымы қалыпты жағдайда. Сондай-ақ кәсіпорын астаналықтардан тұрмыстық шаруаларды демалыс емес, жұмыс күндері істеуді сұрайды.
"Мұндай жағдайда біз қызмет көрсететін компанияға хабарласып, оңтайлы қысымды орнату үшін сорғыларды қайта баптауларын сұраймыз. Әсіресе демалыс күндері сантехникалық жүйеге жүктемені азайту үшін тұрмыстық шаруаларды жұмыс күндері жоспарлауды ұсынамыз. Бұл уақытша шаралар жаңа сорғы-сүзгі станциясы іске қосылғанға дейін қолданылады. Ауыз су станциясының құрылысы 2021 жылдың күзінде басталды және оның қуаты тәулігіне 105 мың текше метр суды құрайды", – делінген хабарламада.

Бұл бүкіл қала үшін сумен жабдықтауды едәуір арттыруға, сол арқылы қаланы сумен жабдықтау мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді. Осы жылдың жазында жаңа су сорғы станциясының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Астана #су