$ 479.05  534.57  5.17

Павлодарда жылу трассасының қаптамасы өртенді

Әзірге қанша аумақтың жанып кеткені белгісіз.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Павлодарда жылу трассасының қаптамасы өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 мамыр күні сағат 15:35-те Н.Назарбаев даңғылындағы көпірдің артында жылу трассасы жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.   

«Өрт құрғақ шөпті және жылу құбырының жылу оқшаулағыш қаптамасын қамтыды. Қанша аумақ жанғаны анықталып жатыр», - деді департаментте.   

Қазіргі уақытта оқиға орнынла өрт сөндіру қызметінен екі қызметкер және өрт сөндіру қызметінің бір арнайы машинасы жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары