$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда бірнеше ауыл сусыз қалды

Бұдан бұрын үкімет басшысы құбырлардың жиі жарылуынан аймақтардағы тұрғындар айлар бойы сусыз қалатынын айтқан болатын.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қарағандыда ірі су құбыры апаты болып, салдарынан Сортировка, Рабочий, Компанейская кенттерінің тұрғындары суық сусыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ekaraganda.kz басылымының жазуынша, 22 мамырда сағат 23:48-де диаметрі 500 мм №6 магистральдық су құбырында апат болған. Су беру сағат 1:30-да тоқтатылған.

"Қарағанды Су" ЖШС 23 мамыр күні таңертең апатты жою жұмыстары басталғанын мәлім етті.

Кәсіпорын сусыз қалған нысандарға су тасымалдауды ұйымдастырды. Бірінші кезекте ауыз сумен әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілер (ауруханалар, мектептер) қамтамасыз етіледі, сондай-ақ су тұтынушыларға өтінімдер бойынша әкелінетін болады.

“Су тасымалдауға өтінімдерді 47-11-16 телефоны бойынша жіберуге болады”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын үкімет басшысы құбырлардың жиі жарылуынан аймақтардағы тұрғындар айлар бойы сусыз қалатынын айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары