23.05.2023, 15:00

Іле Алатауында Австралия азаматы жоғалып кетті

Фото: Спутник Қазақстан
Іздеу шаралары болған күні Алматыдағы ауа райы да қолайсыз болған.

Австралия азаматы Үлкен Алматы шатқалын аралауға кеткен. Содан қайтып оралмаған, деп хабарлады республикалық жедел құтқару жасағының баспасөз қызметі.

1995 жылы туған Австралия азаматы 21 мамырда Үлкен Алматы шатқалына қарай кеткен. Содан оралмаған. Бұл туралы полиция департаментіне ер адаммен бірге келген Ресей азаматы хабарлаған.

"Австралиялық азаматты соңғы рет әріптестері көрген. Жоғалған ер адамның дос қызының айтуынша, жоғалған адам екеуі туристік сапармен Алматыға 20 мамырда кешке келген. Сағат таңғы 7-де туристер қайта ұшып кетуі керек болған. Қыз әуежайға жалғыз келген, сол жерде ер адамды кездестіремін деп ойлаған. Алайда австралиялық азамат сол күйі оралмаған", - дейді ведомство.

Туристі іздеуге 6 адамнан тұратын республикалық жедел-құтқару жасағының жедел құтқару тобы және 1 кинологиялық есеп жіберілді, 23 сағат 40 минутта олар іздеуге кірісті. 2 сағат 40 минутта РЖҚЖ қызметкерлері мен полиция департаментінің қызметкерлері Ғарыш станциясына дейін көтеріліп, беткейлерді тексерді. Көлдің жағалауын да жіті қарап шыққан. Алайда австралиялық азамат сол күйі табылмаған. Іздеу шаралары болған күні Алматыдағы ауа райы да қолайсыз болған.

"Сағат 10.45-те Үлкен Алматы өзеніне құтқарушылардың тағы бір тобы келді, 10 адам сағат 11:15-теҒарыш станциясынан іздеуді жалғастырды. Құтқарушылар екі топқа бөлінді: біреуі Аюсай шатқалына, екіншісі Проходное шатқалына кетті", - дейді РЖҚЖ баспасөз қызметі.