$ 498.34  519.72  4.85

Биыл жемқорлардан түскен 96 млрд 495 млн теңгеге 62 жоба жасалмақ

Нақтырақ айтсақ, әрқайсысында 10 мектептің жобасы жоспарланған.
Фото: sputniknews.kz
Фото: sputniknews.kz

Оқу-ағарту министрлігі жемқорлардан тәркіленген қаражатқа биыл салынатын мектептердің тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта 62 жобаның тізімі берілген. Өңірлер бөлінісінде Астана қаласы мен Алматы облысында осы қаражат есебінен салынатын немесе кеңейтілетін мектептердің саны өзгелерден бірнеше есе басым.

Нақтырақ айтсақ, әрқайсысында 10 мектептің жобасы жоспарланған. Одан кейінгі орында 9 жобамен Түркістан облысы тұр.

Осылайша биыл жемқорлардан түскен қаражат есебінен 96 млрд 495 млн теңгенің 62 жобасы іске асырылмақ. Оның ішінде ескірген мектептің орнына жаңа мектеп салу, жаңадан мектеп салу және орын тапшылығы бар білім мекемесіне қосымша ғимарат салу жобалары бар.

Мектептер тізімін және әрқайсысына қанша қаражат бөлу жоспарланғаны төменде беріліп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары