25.05.2023, 11:40

Әлімханұлының бапкеріне ауыса ма? Данияр Елеусінов желіде қызықты мәлімдеме жасады

фото: Instagram.com
Боксшы желіде "Жақында..." деген жазба қалдырған.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) әлеуметтік желіде хабарламасымен көпшілікті қызықтырды. Ол АҚШ-тағы оқу-жаттығу кезінде жерлесі Жәнібек Әлімханұлының бапкерімен жаттығып жүргенін көрсетті.

Олимпиада чемпионы өзінің Instagram парақшасында АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынын көрсетті. Онда ол жерлесі Жәнібек Әлімханұлының жаттықтырушысы, белгілі маман Бадди МакГирттің жетекшілігімен жаттығады.

Боксшы бұл видеоның астына "Жақында..." деген жазба қалдырған.