Жаңалықтар 25.05.2023 сағат 13:00

Ақтөбеде оқушыны көлік қағып өлтірді

Апат салдарынан кәмелетке толмаған қыз ауруханада қайтыс болды.
Ақтөбеде оқушыны көлік қағып өлтірді
Фото: pixabay

Ақтөбе қаласы маңындағы "Жаңа қоныс" ауылында жеткіншекті көлік қағып кетті, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 22 мамырда болды. "Хундай" автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде 8 жасар қызды қағып кеткен.

"Апат салдарынан кәмелетке толмаған қыз ауруханада қайтыс болды. Жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-тармағы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші қамауға алынды", - дейді ведомство.

Полиция департаменті жүргізушілерді жолдарда мұқият болуды және жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар