$ 445.66  474.58  4.78

Алматы көпір құрылымдары зауытына 60 жыл толды

Бүгінгі таңда ұзындығы 42 метрлік арқалықтың үш түрі шығарылады, олардың екеуі ТМД-да баламасы жоқ.
Фото: «Алматы көпір құрылымдары зауыты» ЖШС
Фото: «Алматы көпір құрылымдары зауыты» ЖШС

2023 жылы Көпірлер мен жол өтпелерін салуға арналған құрама бетонның ірі өндірушісі – «Алматы көпір құрылымдары зауыты» ЖШС өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Осы орайда кәсіпорын БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз турын өткізді. Зауыт өкілдері өндірістегі жұмыс процестерін көрсетіп, кәсіпорынның жеткен жетістіктері туралы баяндады.

Алпыс жылдық тарихында «Алматы көпір құрылымдары зауыты» ЖШС өз сегментіндегі Қазақстанның жол саласының ірі кәсіпорны және ТМД елдеріндегі жетекші кәсіпорындардың біріне айналды. Зауыт жол және азаматтық құрылыс үшін 360-тан астам бұйымдар мен құрылымдар шығарады.

АКҚЗ өндірістік қуаты жылына 170 000 м3-тен астам құрама бетон мен темірбетонды құрайды. Өз өнімдерін зауыт ТМД елдеріне және Қазақстан аумағында жұмыс істейтін Түркия мен Қытайдан келген компанияларға сатады.

Жыл сайын кәсіпорын мемлекеттік бюджетке 1,5 млрд теңгеден астам салық төлейді. Өндіріс орнында 1000-нан астам адам жұмыс істейді.

Зауыт өкілдерінің айтуынша, Батыс Сібір мұнай-газ кешені, Үлкен-Алматы каналы, «Медеу», «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» сияқты жобаларға қатысқан. Алматыда Үлкен айналма жол, барлық көпірлер мен жол айрықтарының құрылысына үлес қосты.

«Республикалық маңызды жолдардың бәрінде біз шығарған көпірлер қойылған. Жасаған соңғы жобамыз – Үлкен Алматы айналма жолы. Бүгін біз жаңа жобаға кірістік. Достық – Мойынты темір жолындағы көпірлерге бұйымдарымызды қоямыз. Қарағанды-Астана тас жолына да бұйымдарымызды жіберіп жатырмыз. Қазақстанда орналастырған көпірлердің материалына да, құрылысынадю да қатаң талаптар қойылады. Көпірлеріміз 9 баллдан жоғары жер сілкінісіне шыдас береді», – деді директорлар кеңесінің төрағасы Шухрад Шардинов.

Кәсіпорын мұнай және газ өндіру барысында өнеркәсіптік алаңдарды жайластыру, электр беру әуе желілерін және өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс нысандарын, автомобиль жолдарын, көпірлерді, жол өтпелерін, туннельдерді, ұшу-қону жолақтарын салуда қолданылатын темірбетон конструкцияларының көптеген түрін шығарады.

Зауыттың ресми тіркелген тәуелсіз зертханасы бар. Оны кәсіпорында жұмыс істейтін мамандар зауыттың жүрегі деп атайды. 

«Көпір құрылымдары, көпірлердің өзі стратегиялық мақсаттағы объектілер болғандықтан өте сапалы материалдардан жасалуы қажет. Зауыт зертханасында бұйымдардың сапасын жіті қадағалаймыз. Біз өнімдерімізге 50 жылға дейін кепілдік береміз. Зауытқа әкелінген барлық материал міндетті түрде сынақтан өтеді. Содан кейін ғана сапа паспорты беріледі, – деді Шухрад Шардинов.

Шымкент, Ақтөбе, Астана және Талдықорған қалаларының облыс орталықтары әуежайларының ұшу-қону жолақтары «АКҚЗ» ЖШС өндірген әуежайлақтық темірбетон плиталарын пайдалана отырып салынған. Компанияның заманауи конструкциялық материалдары Семей қаласындағы Ертіс өзені арқылы өтетін Орта Азиядағы ең ірі көпірдің құрылысында да қолданылды.

Сондай-ақ, зауыт Павлодарда Ертіс өзені арқылы өтетін көпір салу, Осакаровка кентінің (Қарағанды облысы) айналма жолын, Алматы-Өскемен, Орталық-Оңтүстік, Орталық –Шығыс автожолдары, Алматы және Астана жолайрықтары мен жол өтпелері үшін өнімдер шығарды.

«Өндірістегі жұмыс процестерінің басым бөлігі роботтандырылып, жұмысшылардың араласуы барынша азайтылған. Кеңес заманында зауытта 100 адам ең көп дегенде 500 шпал шығарса, қазір цехта жұмыс істейтін 300 адам жұмыс 1800 шпал жасап шығарады.  Өндірісте неміс технологиясы қолданады. Бұл цехті тура 5 жыл бұрын 25 мамыр күні іске қостық. Содан бері бір күн де тоқтамады», – деді зауыт директоры Олександр Терещенко.

«АКҚЗ» ЖШС халықаралық ISO 9001 – 2008, ISO 14001 – 2004, BS OHSAS 18001 -2007 менеджмент стандарттары бойынша басқару жүйесін ойлап шығарды және оны өз жұмсында енгізді. Оны Ұлыбританиялық «MOODY INTERNATIONAL» компаниясы сертификаттады. 

Зауыттың ноу-хауының бірі көпір салу кезінде қаражатты 15%-на дейін үнемдеуге мүмкіндік беретін 42 метрлік ТБН типті көпір арқалықтары болды.
Бүгінгі таңда ұзындығы 42 метрлік арқалықтың үш түрі шығарылады, олардың екеуі ТМД-да баламасы жоқ.

«Зауытта практика өтіп жүргенімде қалыптау цехының шебері болуды ұсынды. Үш-төрт жыл жұмыс істеп, зауыттан шыққан бұйымдардың барлығын тексерістен өткізіп, белгі басып сыртқа жіберетін техникалық бақылау бөліміне ауыстым. Тағы үш-төрт жылдан кейін қалыптау цехының басшысы қызметін ұсынды. Зауытта жұмысшыларға барлық жағдай жасалған. Өз асханамыз, фитнес залымыз, медпунктіміз бар. Қол астымда цехта жүз адам жұмыс істейді. Зауытта 400-500 шамасында неше түрлі бұйым шығарамыз. Ең басты мақтанышымыз – көпірге салынатын бағандар. Ең қысқасы 12 метрден басталып, 42 метрге дейін жетеді. Зауыттағы әр маман өз ісінің шебері», – деді қалыптау цехының бастықы Әбілқайып Мадияр.

«АКҚЗ» ЖШС Global Quality Management Livited (Gqm) халықаралық ұйымы Женевада (Швейцария) өткен конкурста және Франкфурт қаласында (Германия) шығарылған өнімнің жоғары сапасы үшін XVIII халықаралық конкурста тапсырған екі марапатқа ие болды.

«АКҚЗ» ЖШС конструкциялық материалдарының сапасы және оларды дайындаудың тиімді технологиялары қазіргі Тәуелсіз Қазақстанда жоғары бағаланып, көптеген марапаттарға ие болды. 2014 және 2020 жылдары зауыт екі рет ҚР Президентінің «Алтын сапа» – «Өнімнің мінсіз сапасы үшін» сыйлығын алды. Бұл марапат тарихында екі рет сыйлыққа ие болған Қазақстандағы жалғыз компания.

Индустрияландыру мен экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорын жыл сайын технологиялық инновациялық жабдықтарды жаңғыртуға өз қаражатын инвестициялайды. Соңғы 5 жылда өндіріске салынған инвестициялар көлемі 4 млрд 3 млн теңгені құрады

Қазіргі уақытта зауытта жаңа инновациялық өндірістер енгізілді. Бұл:
•    Су өткізгіш құбырларды өндіру желісі (Дания);
•    Арматуралық жазық және кеңістіктік рамаларды дайындау бойынша автоматты желілер (Германия);
•    Шағын бұйымдарды өндіругеарналған автоматты желі (Түркия);
•    Еуропалық стандарттарға сәйкес келетін және құрылыс көпірлерінің құнын 15%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік беретін жаңа типтегі көпір арқалықтарын шығаратын жаңа технологиялық желі;
•    2018 жылы Қарағанды қаласында АКҚЗ алғашқы мобильді зауыты іске қосылды;
•    2018 жылы теміржол инновациялық шпалдарын шығаратын зауыт ашылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары