$ 494.87  520.65  4.91

Көкшетауда қаланы 15 мәрте айналған ұшақ жұрттың зәресін ұшырды

Қаланың төбесінде үш сағаттан астам уақыт бойы ұшқан.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Көкшетауда қаланың төбесінен үш сағат бойы жолаушылар айналып ұшып жүрді. Мұндай жағдайды бұрын-соңды көрмеген қала тұрғындары алаңдап кетті деп хабарлады massaget.kz.

Тұрғындардың айтуынша, ұшақ кемінде 15 мәрте айналған. Қаланың төбесінде үш сағаттан астам уақыт бойы ұшқан.

Қалалық әуежай басшылығы кеше болған жағдай жөнінде түсінік берді. Әуежай директорының айтуынша, алаңдауға еш негіз жоқ.

«Кешегі қаланы айналып ұшқан ұшақ ҰҚК шекара қызметі экипажының оқу-жаттығуға арналған жоспарланған ұшу болатын. Ұлттық қауіпсіздік қызметі шекара қызметі экипажының әзірлігінің бекітілген бағдарламалары бар. Бізге өтінішпен шыққан соң біз оларды қабыл алдық. Олар өз экипажын түнгі уақытта даярлайды. Түрлі әдістермен айнала жүріп ұшу, қону, жанасу сияқты әдістерді меңгереді», – дейді Көкшетау әуежайының директоры Марат Хасенов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары