$ 494.87  520.65  4.91

Талдықорғанда Q-net қаржы пирамидасының басшысы қамауға алынды

Сот күдіктіге қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Фото: sputnik.kz
Фото: sputnik.kz

Талдықорған қаласында Q-net қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті бастады.

Агенттік ақпаратынша, 2018-2020 жылдар аралығында қаржы пирамидасының қызметіне 231 адам тартылып, 220 млн теңгеден астам ақша салған.

Сот күдіктіге қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.

ҚМА Конституцияның 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыс жасағаны соттың заңды күшіне енген үкімімен дәлелденбегенге дейін әркім кінәсіз деп есептелетінін еске салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары