$ 443.85  474.3  4.8

Қазақ боксшысы WBC рейтингінде екінші орынға көтерілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың бірі тізімде жоғарыласа, енді біреулері тіпті шығып қалған.
Фото: ҚБФ
Фото: ҚБФ

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесі бойынша боксшылардың рейтингін жаңартты. Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың бірі тізімде жоғарыласа, енді біреулері тіпті шығып қалған, деп хабарлайды massaget.kz.

Орта салмақта Геннадий Головкин бірінші орнын сақтап қалды. Ал одан кейінгі орынға отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов көтерілді. Ол бұған дейін төртінші орында тұрған еді. Үшінші сатыны мексикалық Хайме Мунгия түйіндеп тұр.

Мейірім Нұрсұлтанов 15 сәуір күні Инчхонда өткен бокс кешінде жеңіліп көрмеген жапон боксшысы Кадзуто Такесаконы нокаутпен ұтып, WBO International чемпиондық белбеуін сәтті қорғаған болатын.

Аса ауыр салмақтағы боксшымыз Жан Кособуцкий 8-орнында қалды. Ал оның келесі қарсыласы Джаред Андерсон 11-орыннан 9-ға көтерілді. Иван Дычко болса, бір саты төмендеп, 30-орынға жайғасқан.

Бірінші ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев та 29-дан 30-орынға төмен сырғыған.

Екінші орта салмақта WBC Silver белбеуінің иегері Али Ахмедов 3-орнында қалған. Оның алдында француз Кристиан Мбилли мен канадалық Эрик Базинян тұр.

Бірінші жартылай орта салмақта  WBC Silver белбеуіне ие  Сергей Липинец 5-орнын сақтап қалған.

Батыр Жүкембаев пен Жанқош Тұраров жаңарған рейтингте үздіктер қатарынан шығып қалған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#рейтинг #бокс