$ 444.14  477.05  4.85

Алматыдағы дәмхананың жазғы алаңына ағаш құлады (ВИДЕО)

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Фото: t.me/qumash_kz
Фото: t.me/qumash_kz

Алматыда дәмхананың жазғы алаңына ағаш құлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнекамераға ағаш құлаған сәт түсіп қалған. Қонақтар үлкен бұтақтар құламас бұрын қашып үлгерген. Автордың айтуынша, жолдан өтіп бара жатқан адам қонақтар мен мейрамхана қызметкерлеріне ағаштың құлайтынын ескертіп үлгерген.

Алматы әкімдігі 25 мамырда сағат 22:15-те құтқару қызметіне Абай даңғылы бойындағы, 21 мекенжайда "Акунин" дәмханасының жазғы алаңы аумағында ағаш құлағаны туралы хабарлама түскен.

"Маман қызметкерлі мен Медеу әкімдігі сараптама тағайындады. Қажетті жұмыстарды күндізгі уақытта жүргізуге шешім қабылданды. Зардап шеккендер жоқ. Бүгін таңғы уақытта төтенше жағдайлар бригадасының мамандары келіп, ағаштарды кесіп жатыр", - деді әкімдік өкілдері.

Жұмысты төрт құтқарушы мен бір техника жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары