$ 443.85  474.3  4.8

Астанада қар тазалаумен 2032 техника айналысып жатыр

Астанада қар жинау жұмыстарына 2032 арнайы техника мен 1954 адам жұмылдырылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланған.

«Астана-Тазалық» ЖШС хабарлауынша, өткен тәулікте 52 мың текше метрден астам қар шығарылды. Қар жинау жұмыстары қаланың барлық аудандарында тәулік бойы жүргізіледі.

Синоптиктердің болжамынша, ертең, 26 қаңтарда күн бұлтты болады, қар жауып, боран соғады. 9-14 м/с жылдамдықпен оңтүстік-батыстан шығысқа ауысқан жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде және күндіз ауа температурасы -5...-7°С болады.

27 қаңтарда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстіктен 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -14...-16°С, күндіз -8...-10°С болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары