29.05.2023, 15:20

Су қайда?: Ақтаулықтар облыс әкімінен үйлерге плакат іліп су сұрауда

Фото: лада.кз
Тұрғындар пәтерлерінде үш күннен бері су жоқ дейді.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа плакатпен жүгінетіндер көбейіп келеді. Ақтау тұрғыны үй сыртына плакат іліп, жария түрде су сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ноғаев мырза, су қайда?" деген жазу Ақтау қаласының 4 шағын ауданындағы тұрғын үйде пайда болды. Облыс әкімінің телеграмм каналында тұрғындар ауыз су мен ыстық судың жоқтығына жаппай шағымдануда. Қала тұрғындарының шағымдарына "ҚЖСА" МКК және"МАЭК" ЖШС өкілдері жауап берді.

Тұрғындар пәтерлерінде үш күннен бері су жоқ дейді. Шағымдар қаланың әртүрлі шағын аудандарынан толассыз түсіп жатыр.