Жедел және арнайы іс-шаралар барысында анықталғандай, бұл жолы Алматы полицейлерінің назарына Алматы облысы, Қарасай ауданынан гашиш жеткізіп, қала аумағында оларды сатумен айналысқан 34 жастағы А.есімді азамат ілікті.
«Арнайы іс-шара Алматының Алатау ауданында кешкі алты жарымда жүргізілді. Күдіктінің «Хюндай» маркалы көлігі тоқтатылды. Жеке тінту кезінде, сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде бірнеше полимер байламдары табылды және тәркіленді, олардың ішінде жасыл түсті өсімдік тектес шаңды зат бар. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заты аса ірі көлемдегі гашиш болып табылады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді, Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ерлан Әлмағамбетов.
Алматы полицейлері АФМ-мен бірлесе отырып, тағы бір есірткі желісіне тосқауыл қойды. Арнайы шара қалалық прокуратураның үйлестіруімен өткізілді.
Бес адам «марихуананы» жеткізу және сатумен айналысқан: бірге тұратын жұп, олардың досы, бетбелгі қоюшы және курьер.
Жас жұптың қылмыстық процестің жетекшілері екендігі жедел және тергеу іс-шаралары барысында белгілі болды. 27 жастағы Л.есімді азамат пен оның 35 жастағы серігі - К.есімді азаматша ұйымдастырушы және үйлестіруші қызметін атқарды. Бетбелгі қоюшылардың міндеттерін 1993 жылы туған Б.есімді азамат және 1995 жылғы А.есімді азамат орындады. Ал шабарман 25 жастағы А.есімді азамат болды.
«Қала Прокуратурасының үйлестіруімен «Есірткі қылмысына қарсы күрес» жобасы аясында жүргізілген мақсатты жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде біздің бөлімшенің қызметкерлері ҚР ІІМ ЕҚкД, ҚР АФМ өкілдерімен бірлесіп, мессенджерлер арқылы байланыссыз әдіспен есірткі сатуды жолға қойған есірткі сатушылардың қылмыстық әрекеттерінің жолын кесті. Қаскөйлердің Испания мен АҚШ-тан пошта арқылы есірткі салынған сәлемдемелерді алғаны белгілі болды. Шөп үшін төлемді тұтынушылардан «Qiwi әмиян» арқылы алған. Қаражатты шығаруды екінші деңгейлі банктер арқылы жүргізген. Тергеудің осы кезеңінде 49 банктік есепшот анықталды», - деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ерлан Әлмағамбетов.
Баяндамашы, күдіктілердің қылмыстық әрекеттері ресми түрде құжатталғанын, «сатып алулар» жүргізілгенін атап өтті. Сонымен қатар, күдіктілердің тұрғылықты жерінде рұқсат етілген тінту жұмыстары жүргізілді.
Негізгі айыпталушылардың пәтерінен 6 миллион теңге, сим-карталар, банк карталары, электронды таразылар, сондай-ақ ерекше иісі бар «шишка» өсімдік заттары табылды және тәркіленді.
Ұсталғандар қамауға алынды. Сондай-ақ полицияда, ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайтынын айтып өтті.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.