16 мамыр мен 18 мамыр аралығында Алматы қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру, полицияға деген сенімді арттыру, отбасындағы рөлді күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» науқаны өтуде.
«Біз әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, агрессорлармен профилактикалық жұмыстарды жүргізу, психологиялық және құқықтық көмек көрсету сияқты мақсаттарды көздеп отырмыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегін тоқтату және тәртіп бұзушыны жауапкершілікке тарту үшін полицияның «102» телефон нөміріне, сондай-ақ «150» және «111» сенім телефондарына хабарласу қажет. Бұл күндері біз тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында, қызметтермен, байланыс арналары туралы хабардар ету мақсатында тұрғындар арасында ақпараттық жұмысты, оның ішінде электронды билбордтар арқылы да күшейттік», - деді, Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Ақбота Әбілқасымова.
Анықтама үшін: әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторларының байланыс телефондары:
Алматы қаласы ПД ЖПҚБ 2544599;
Алатау ауданы бойынша 2275554;
Алмалы ауданы бойынша 2545302;
Әуезов ауданы бойынша 2985333;
Бостандық ауданы бойынша 2544732;
Жетісу ауданы бойынша 2544943;
Медеу ауданы бойынша 2544866;
Наурызбай ауданы бойынша 2544462;
Түрксіб ауданы бойынша 2985425.