Бүгінгі таңда ғаламтор желісінің қарқынды дамуына орай, кейбір қызмет түрлерінің цифрландырылуна байланысты, сонымен қатар электрондық және криптовалюталық төлем жүргізудің (биткойн, эфириум, лайткойн) мүмкіндіктерінің туындауы интернет алаяқтықтың түрлі әдістерімен тәсілдеріне, сонымен қатар, ақпараттық коммуникациялық жүйе арқылы ұрлық жасау сияқты алаяқтық қылмыстар жиілеп кеткен.
"Осы орайда біз, азаматтады интернет қызмет түрлерін пайдалануда мұқият болуға шақырамыз. Күмән тудыратын сілтемелерді ашпауға, жеке мәліметтер(ЖСН, IBAN, CCV) берілмеулері керек. Егер Сіздің төлем картаңызға белгісіз тұлғалардан ақша түссе және басқа шотқа аударуды өтінсе дереу өзіңіздің банк Call орталығына немесе құқық қорғау органдарына хабарлаңыз. Егер Сіз белгісіз тұлғаның сұрауын орындасаңыз алаяқтардың құрбаны болып қалуыңыз мүмкін",-деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының кибер қылмыстарға қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Игорь Пудовкин.
Полиция кеңесі:
1. Ешқашан ешкімге өзіңіздің банк карточкаңыздың мәліметтерін, жеке басыңыздың мәліметтерін(жеке куәлік, сурет, төлем картаңыздың суретін, 3 сандық CCV кодын) жолдамаңыз.
2. Интернет арқылы сатып алынатын тауарлар үшін алдын ала төлем жібермеңіз.
3. Егер Сіз жылжымайтын мүлік, көлік немесе тауар сатсаңыз төлемдерді қолма-қол алған дұрыс.
4. Егер тауардың, көліктің немесе жалға беру бойынша хабарландыруда алдын ала төлем жасау керектігі жазылса және байланыс тек "Ватсап"желісі ғана арқылы болса электрондық төлем жүргізудің еш қажеті жоқ.
5. Түрлі мессенджерлер арқылы Сізге сілтемелер келсе, ол алаяқтардың тұзағы болу әбден мүмкін.
6. Түрлі сайтта банк карточкаңыздың мәліметтерін жарияламаңыз. Бұл Сіздің жеке мағлұматтарыңызды алуға арналған арнайы фишинг сайты болуы ықтимал.
7. Ғаламтор желісі арқылы ұйымдастырылатын ұтыс ойынына қатыспауыңыз керек.
8. Үлкен пайда әкелетін түрлі жобаларға ақша салмаңыз. Сізге басқа шетел абоненттік нөмірі арқылы хабарласып, биржаға, криптовалютаға ақша салуыңызды сұрауы мүмкін.
9. Егер Сізге банк қауіпсіздік қызметінен хабарласса, банк қызметкерлері Сіздің картаңыздың мәліметтерін немесе құпия сөз және код Сонымен қатар, алаяқтар түрлі телефон абоненттік нөмірін ауыстырып көрсететін домен арқылы хабарласулары мүмкін. Мұндай жағдайда телефон тұтқасын қоя салыңыз.