Арыс қаласының тумасы Азамат Мақұлбеков қошқар көтеру бойынша жаңа рекорд орнатты және ресми түрде Қазақстанның рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ол 40 келі қошқарды бес сағат 26 минутта 3555 рет көтерген.
37 жастағы Азамат Нұрғалиұлы құрылыс саласында жұмыс істейді, спорттың бірнеше түрімен айналысады.
Спортшының айтуынша, бұл жарыста Қазақстан бойынша соңғы рекорд Алматыда тіркелді. Ол кездегі жеңімпаз қошқарды 2019 рет көтерген.
Бұл рекордты жаңартқан кейіпкер әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр.
Ол жануарды бес мың рет көтеріп, Гиннестің халықаралық деңгейдегі рекордтар кітабына енгізуді көздейді.