$ 445.66  474.58  4.78

«Анаңа айтсаң, өлтіремін»: 19 жастағы қыз он жыл бойы оны әкесі зорлап келгенін айтты

Алғаш рет қыз жеті жасында зорланған.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Қырғызстанда 19 жасар қыз әкесі оны кішкентайынан зорлап келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алғаш рет қыз жеті жасында зорланған. Анасы екінші қызды босанып, перзентханаға болған. Содан бері әкесі он жыл қатарынан оны қорлап келді дейді ол.

“Зорлық көрсеткеннен кейін "Жылама, әйтпесе өлтіремін. Анаңа айтушы болма, айтсаң, оны өлтірем" деп қорқытты”, – дейді қыз. 

10 жыл бойы қыз мұны ешкімге айтпай, әкесінің тарапынан жасалған жыныстық зорлым-зомбылыққа шыдап келген. Ол жасөспірім кезде өзін-өзі өлтірмек болғанын да айтады. Тек басқа қалаға оқуға кеткеннен кейін ғана мұның бәрін айтуға бекініпті.

19 жастағы қырғызстандық тергеу кезінде 43 зорлану фактісін айтып берген. 25 мамырда қаскөй өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

“Өте қатты қажыдым. Кішкентай болғандықтан, маған ешкім сенбейді деп ойладым. Барлығы менің әкемді жақсы адам деп санады. Кішкентай болғандықтан, мен де әкеме сендім. Ол мұны мені жақсы көретіндіктен, осылай жасағанына сендім", – дейді жәбірленуші.

Қазір оған туыстары тарапынан қысым түсуде. Адвокаттардың айтуынша, ер адамның өзі кінәсін мойындамайды және оны ақтауға тырысып жатқандар көп.

“Анам уайымнан жүдеп кетті, нәр татпайды. Туыстарым бізге “ақша үшін жасап жатсыңдар, үйді алып қалғыларың келіп жүр” деп кінәлауда. Маған оның бірі керек емес", – деді қыз.

Ол әкесінің босатылып кетуінен қорқады.

“Білуімше, сотқа ақша ұсынған. Бірақ бұл адам өмір бойы түрмеде жазасын өтеуі керек. Ол "Ештеңеден қорықпаймын, сені өлтіремін. Анаңды өлтіріп, сіңліңді зорлаймын” деп қорқытты”, – дейді әкесінен зәбір көрген жан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары