$ 448.15  483.46  4.86

Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Президентке VIII сайланған Парламенттің төменгі палатасының қызметі туралы мәлімет берілді.
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президентке VIII сайланған Парламенттің төменгі палатасының қызметі туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, сессия басталғаннан бері Мәжіліс депутаттарының қарауында 75 заң жобасы болды. Оның 14-і қабылданып, Сенатқа жолданды. Қазіргі уақытта депутаттардың қарауында онлайн-платформалар, заңсыз сатып алынған активтерді қайтару, «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын жүзеге асыру, қоғамдық бақылау, Тұрғын үй қатынастарын жетілдіру туралы заң жобалары бар.

Ерлан Қошанов сайлаушылармен жұмыстың күшейтілгені туралы айтты. Азаматтарды қабылдау, комитеттердің салалық және көшпелі отырыстары тұрақты өткізіліп тұрады. Депутаттар халықтың өзекті мәселелеріне қатысты сауалдарды жиі жолдай бастады.

«Жуырда 2022 жылғы республикалық бюджеттің жұмсалуы туралы Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның есебіне қатысты қоғамдық тыңдалым өтеді. Президентке аталған шараға дайындық барысы туралы баяндалды», - делінген хабарламада.

Мәжіліс төрағасы парламенттік дипломатия аясындағы жұмыстың қорытындылары туралы да айтты. Бұдан бөлек, Мәжіліс биыл маусым айында Қазақстанның төрағалығы аясында БҰҰ қолдауымен ұйымдастырылатын Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогының бірінші отырысын өткізуге дайындалып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары