SCAT әуекомпаниясының президенті Владимир Денисов рейстердің неге кешіктірілетінін түсіндірді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
30 мамырда Үкімет отырысында Азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар талқыланды. Премьер-министр Әлихан Смайылов халықтың отандық әуекомпанияларға айтқан сыны орынды екенін атап өтті.
"Мамыр айындағы рейстердің жүйелілігі – 97%. Рейстердің кешігуі әртүрлі себептерге байланысты. Құстарға соқтығысу, түрлі ақаулар, метеожағдайлар болуы мүмкін. Үнемі қадағалап отырамын. Диспетчерлік қызмет, үнемі жұмыс істейтін call-орталық бар. Рейстердің кешігуін қылмыс ретінде қарастырудың қажеті жоқ", – деді Денисов.
SCAT басшысының айтуынша, бұл жерде жолаушылардың да әрекетінен де кешіктіріледі.
"Жолаушы келіп, “ұшпайтын болдым” дейді. Бір жарым сағат оның жүк багажын іздейміз, жолаушыларды борттан шығарамыз. Мұндай нюанстар ескерілмейді. Жолаушылар жиі кешігеді. Барлығынан толығымен өтіп, телефон арқылы сөйлесетіп тұратындар бар. Бәрін тапсырып қойғандықтан, оны күтуге мәжбүр боламыз. Әуежайларда проблемалар көп. Жалпы кешіктірілудің себебі көп”, – деді ол.
Оның айтуынша, рейстің кешігуі тасымалдаушының сапасыздығын білдірмейді.