$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда тұрғын үй ауласында 7 жасар баланы көлік қағып кетті

Баланың жамбас сүйегі сынған.
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Қарағандыда тұрғын үй ауласында көлік қағып кеткен 7 жасар баланың жағдайы белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz. 

Порталдың мәліметінше, оқыс оқиға 29 мамыр күні болған. Степной-4 шағын ауданындағы № 27 үйдің ауласында 7 жасар баланы көлік қағып кетті. Ол жолға жүгіріп шығып, Volkswagen Touran көлігі астына түскен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен баланың жағдайы туралы айтты.

"Баланың жамбас сүйегі сынған. Ол Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың балалар жарақаты бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайы тұрақты", - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда жол-көлік дерегі тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары