$ 442.05  474.14  4.74

Қазақстандағы отбасылық және гендерлік саясаттың қалыптасуы

Кез келген мемлекеттің басты байлығы – адам екенін ескерсек, ондағы халықтың жай-күйі мен дұрыс өмір сүруі кім-кімді болмасын бей-жай қалдырмайтыны анық.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Еліміздегі отбасылық және гендерлік саясатқа қатысты бастамалар қолдауға жылдам ие болды. Жалпы кез келген отбасыда әйелдің, ана мен баланың алатын орны қашан да ерекше. Жоғары жақтағылар соны ескере отырып ана мен балаға қатысты заңды, жүйелі құжаттарды мемлекетіміз құрылған кезде-ақ қолға алып, қабалдаған болатын. Араға уақыт салып еліміз БҰҰ қабылдаған әйел азаматтардың құқықтарын қорғап, мүмкіндіктерін кеңейтетін бастамаларына қосылып бірден қолдау көрсетті.

2006-2016 жылдар гендерлік теңдік мықтап қолға алынған кез ретінде есте қалды.  Сол жылдардағы қабылданған қаулыларға сәйкес ерлер мен әйелдердің мүмкіндіктері мен құқықтары теңестіріліп, бір деңгейде қарастырылатын болды. Баршамызға осыдан тоғыз жыл бұрын Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму тұжырымдамасы бекітілгені мәлім. Бекітілген тұжырымдама аясында адами капиталдың сапасын арттырып, оларды бәсекеге қабілетті етіп шығару үшін ең алдымен ана мен балаға және әлеумметтік жағдайы төмен отбасыларға мемлекет тарапынан демеу көрсету ең негізгі міндеттердің бірі болып саналды.  Одан кейін еліміз 2015 жылы 17 мақсаттың 12-сі осы гендерлік теңдікке келіп тірелетін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қосылды. 

Жоғарыдағы қабылданған шешімдерден кейін мемлекет алдында жаңа кезең тұрды. Ол халықаралық тұрақты даму тенденцияларын ұстанатын, ұлттық стратегиялық басымдыққа ие және әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарын басшылыққа алатын нағыз гендерлік саясат құру. Міне, осылайша 2016 жылы Қазақстан Республикасының отбасы және гендерлік саясат деп аталатын тұжырымдамасы пайда болды. 

Бұл тұжырымдамада қазіргі қоғам үшін дерт болып саналатын қайшылықтар мен тенденциялар тіркелген. Олардың қатарында: ажырасу және  баланың некесіз туылуы, азаматтық неке, әкелердің бала тәрбиесіне қатыспауы және алимент төлеу мәселесі, зайырлы мемлекет үшін дұрыс деп есептелмейтін ескірген отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер (өз еркінен тыс тұрмысқа беру, ерте отбасын құру, отбасындағы зорлық-зомбылық), әйелдер мен ерлердің репродуктивті денсаулығы, түсік тастау сынды нәрселер бар.

Отбасы әр адам өмірінде маңызды рөл атқарады және әлеуметтік қорғау объектісі ретінде қарастырылады. Осы орайда гендерлік теңдік деңгейі неғұрлым жоғары болса, отбасы мүшелерінің маңызды функцияларды орындауындағы жауапкершілігі артып, көзделген нәтежиеге жету де соғұрлым жоғары болады. Сол көзделген нәтежиеге жету үшін мемлекет назарынан аталмыш мәселе ешқашан тыс қалмайды. Өйткені, бәсекеге қабілетті лайықты мамандар ел болашағы үшін қашан да керек. Кез келген мемлекеттің басты байлығы – адам екенін ескерсек, ондағы халықтың жай-күйі мен дұрыс өмір сүруі кім-кімді болмасын бей-жай қалдырмайтыны анық. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары