$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында ер адам өз танысын пышақтап, артынша суицид жасады

Зардап шеккен азамат оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қостанай облысы Лисаков қаласында бұрын сотталған ер адам өзінің танысымен жанжал кезінде оған пышақ сұғып алған. Полиция күдіктінің тұрғылықты жеріне келген кезде ер адам 8 қабаттың терезесінен секіріп кеткен,  деп хабарлайды Алау ақпараттық порталы.

Зардап шеккен азамат оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді.

Полиция қызметкерлері күдікті мен оның тұрғылықты жерін анықтады.

«Полиция тұрғылықты жеріне келгеннен кейін күдікті 8 қабаттың терезесінен секірді. Күдікті алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 106-бабы және ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі екі тергеу басталды», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қайғылды жағдайға куі болған күдіктінің куә болған анасы полицейлерге ұлының бұрын суицидтік мінез-құлқын көргенін айтты. Ол өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттері туралы бірнеше рет айтқан.

Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары