$ 443.37  474.49  4.83

Ақтөбеде скутер жүргізген 16 жасар бала жол апатынан қайтыс болды

Кәмелетке толмаған бала оқиға орнында қайтыс болды.
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

31 мамыр Әлібек Жангилдин мен Дінмұхаммед Қонаев көшелерінің қиылысында Toyota автокөлігі мен скутер соқтығысқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Скутерді 16 жасар бала басқарған. Кәмелетке толмаған бала оқиға орнында қайтыс болды.

ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Естеріңізге сала кетейік, скутер жүргізушілері велосипед жолымен, ал егер жоқ болса, жолдың оң жақ шетінде жүруі керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары