$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанның жаңа көші-қон саясаты қандай болмақ?

Қазақстандағы эмиграция нақты айқындалған үрдіске ие.
коллаж: Abai.kz
коллаж: Abai.kz

Соңғы он жылда Қазақстанда сыртқы көші-қон үрдісі көрсеткіші тұрақты түрде өсіп келеді. ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2012 жылдан бастап елге 162 мың адам  көшіп келген, ал Қазақстаннан өзге елде тұрақтап қалу мақсатында кеткендер саны екі есе көп – 333 мың азамат. Бұл статистикаға оқу немесе жұмыс үшін эмиграцияда жүрген тағы бірнеше ондаған мың қазақстандық қосылмағанын ескеру керек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.

Елдегі білімді азаматтар көшін тоқтата тұру, шетел асу ниеті бар немесе шет мемлекеттерде жұмыс істейтіндерді қорғап шығатандар үшін республиканың Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның 2022-2026 жылдарға арналған көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірледі.

Қазақстандағы эмиграция нақты айқындалған үрдіске ие. Басқа елдерге көшетіндердің басым бөлігі-белгілі бір өңірлердің (Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының) тұрғындары. Көбіне орта жастағы, жоғары немесе орта білімі бар адамдар шекара асады. 

Еңбекке қабілетті адамдардың кетуі – аталмыш өңірлер үшін едәуір шығын. Бұл аймақтарда индустрия дамыған, оларға жұмыс күші қажет. Ал теріс көші-қон сальдосы тек осы аймақтарда халықтың аз қоныстануы мен еңбек нарығындағы тапшылық проблемасын ушықтырады. Сонымен қатар, елдің оңтүстік өңірлері (Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстары) ең тығыз қоныстанған, бұл аймақтарда халықтың 60% - ға жуығы тұрады.

«Болжам бойынша, демографиялық және көші-қон дамуының қазіргі үрдісі сақталған жағдайда, Қазақстанның солтүстік облыстарының халқы 2050 жылға қарай жалпы 600 мың адамға қысқарады, ал оңтүстік облыстардың халқы 1,6 млн адамға артады. Нәтижесінде, 2050 жылға қарай оңтүстіктегі халықтың тығыздығы солтүстіктегі көрсеткіштен төрт есе көп болады», - делінген құжатта.

Ішкі өңірлік диспропорциялардың орнын толтыру үшін ел үкіметі бес жыл бұрын «Еңбек» атты оңтүстіктен солтүстікке ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасын бекітті. Ол 2021 жылға дейін жүргізілді және 2022 жылы аздаған түзетулер жасалып қайта қабылданды. Бұл бағдарлама оңтүстіктен өңірлерден солтүстік аймақтарға қоныс аударатындарға жұмыс табуға, көшу үшін өтемақы төлеуге, бір жылға пәтер жалдауға, жер учаскелерін, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй беруге, қайта даярлауға немесе өз ісін ашуға жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді.

Соңғы бесжылдықтың қорытындысына сәйкес, бағдарлама айтарлықтай нәтиже көрсеткен жоқ. Тұжырымдама мәтінінде айтылған ҚР Еңбек министрлігінің деректеріне сәйкес, осы жылдар ішінде оңтүстік өңірлерден солтүстікке 32 мың адам көшіп келді, оның ішінде 9 мың еңбекке қабілетті азамат жұмысқа орналастырылды. Реттелмейтін ішкі көші-қон ауқымында бұл көрсеткіш аз, өйткені ел ішінде жылына 780 мыңнан астам адам көшіп келеді (ҚР Ұлттық статистика бюросының 2021 жылғы деректері).

Жағдайды өзгерту үшін Тұжырымдамада болашақ ішкі мигранттар үшін де, оларды жұмысқа қабылдайтын жұмыс берушілер үшін де жаңа ынталандыру құралдары қарастырылған. Атап айтқанда, компанияларға қоныс аударушылар үшін үй сатып алу шығындарын өтеу ұсынылады.

Жаңа көші-қон саясаты қазақстандықтардың шетелге жұмыс істеу мақсатында шығуына қандай да бір бюрократиялық тыйым салуды көздемейді. Бейінді ведомствоның басты мақсаты-басқа елдердегі еңбек эмигранттарының құқығын қорғау, құқықтық салада халықаралық рекрутингті ынталандыру. Ол үшін Қазақстан үкіметі бірнеше шет мемлекетпен еңбек мигранттарының Еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету туралы екіжақты келісімдер жасасуға ниетті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары