$ 443.85  474.3  4.8

Блогер желіні тамсандырған курьерге мопед сыйлады (ВИДЕО)

Осыған дейін жас жігіттің желіде видеосы тарады.
коллаж: Azattyq Ruhy
коллаж: Azattyq Ruhy

Tiktok желісінде Бексұлтан Молтаевтың курьер болып жұмыс істеп жүрген видеосы жұртшылықты тамсандырған еді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Желіні тамсандырған курьердің тірек-қимыл жүйесі бұзылғанын аңғаруға болады. Бексұлтанның өзі сұхбат бергісі келмейтінін айтты.

Күні кеше Bake_bloger деген азамат Бексұлтанға оған мопед сыйлады.

«Барша қазақ елі сенің видеоңды көріп тамсанды. Біз одан қатты күш-жігер алдық. Нағыз ер азаматтың жұмысқа бейім екенін, жұмыс жоқ деген жай сылтау екенін сен дәлелдеп бердің. Алланың берген сынағына мойымай, адал еңбек етіп жүргенің сүйсінтті. Мен қазір қолымнан келгенше саған көмектесемін. Өзімнің ер-азаматтық парызымды орындаймын», - деді блогер.

Ол өзінен көп адам көмек сұрайтынын да айтты.

«Менен көп адам «көмектесіңізші» деп көмек сұрайды. Бірақ он екі мүшесі сау. Ал сен өзіңдегі сынаққа мойымай, жұмыстан қалмай жүрсің», - деп ол мопедтің кілтін табыстады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары