$ 445.66  474.58  4.78

41 нокауты бар боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Чарло рингке екі жыл шықпады, бірақ әлі чемпион.
Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz

Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) кезекті рет Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) айқасқысы келетінін мәлімдеді деп жазды turkystan.kz.

Vesti.kz сайтының жазуынша, боксшылар 2018 жылы жұдырықтасуы мүмкін еді. Алайда ол кезде Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалықтың мұндай айқасқа дайын еместігін айтып, жекпе-жекке рұқсат бермеген.

«Үнемі Головкин мен Чарло сияқты мықтыларды көздеп келеміз. Жекпе-жектер біздің бақылауымыздан тыс жағдайларға байланысты өтпей қалды. Чарло рингке екі жыл шықпады, бірақ әлі чемпион. Алдағы жоспары қандай екенін білмеймін, алайда онымен айқасуға дайынмын. Ал Головкинмен жекпе-жек бойынша хабарластық, дегенмен сол күйі жауап болмады. Қазір ол демалыс рахатын көріп жатқан сияқты», – дейді Мунгия.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары