Дәстүрлі «Әлем аруы» байқауын Франция өкілі Ирис Миттенар жеңіп алды деп хабарлайды Reuters. Байқаудың финалдық кезеңі Филиппин аралдарының астанасы Манилада өткен болатын. Оған әлемнің 86 елінен арулар қатысты.
23 жастағы «Франция аруы» Ирис Миттенар Лилль қаласының тумасы. Ол қазіргі таңда тіс дәрігерінің оқуын оқып жатыр. Экстремалды спорт түрлерін жақсы көретін қыз парашютпен секіріп, бос уақытында дельтаплан спортымен айналысады екен.
Айта кету керек, «Әлем аруы» байқауларын Франция бұған дейін тек 1953 жылы бір-ақ рет жеңіп алған.
Естеріңізге салайық, былтырғы байқауда салтанатты кешті жүргізген Стив Харви жеңімпаздарды шатастырып алып, аруларды ыңғайсыз жағдайда қалдырған болатын. Ал, сол байқауды жеңіп алған филиппиндік ару Пиа Алонсо Вуртцбах кеше жеңімпаз тәжін табыстау рәсімі кезінде Стив Харвиге көзілдірік беріп, қолындағы қағазға жазылған арудың есімін шатастырмауын өтінді.