$ 443.85  474.3  4.8

Синоптиктер Астанадағы қалың тұманның себебін түсіндірді

Астанаға соңғы бірнеше күннен бері қалың тұманның түскені белгілі. Сондай-ақ, қаланың жер үйлері орналасқан аудандары көк түтінге оранған. Көмір иісіне шағымданған жергілікті тұрғындар мұны әлеуметтік желілерге жазуда.

"Қазгидромет" РМК мамандары осынау табиғи құбылыстың себебін түсіндіріп берді.

"Қалың тұманның түсуіне ауа қысымының жоғарылауы, желдің мүлдем болмауы, ауа температурасының төмендігі және жоғары ауа ылғалдылығы әсер етіп отыр. Мұндай жағдайларда радиациялық тұман пайда болуы мүмкін", - делінген синоптиктер таратқан хабарламада.

"Қазгидромет" мамандарының болжамынша, 30 қаңтар күні де Астанаға қалың тұман түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары