$ 478.35  504.04  4.86
1xadv
Жаңалықтар 07.06.2023 сағат 14:40

Синоптиктер елімізде аптап ыстық қашан басылатынын болжады

9 маусымда солтүстікте, елдің орталығында жаңбыр, бұршақ және құмды дауыл болады.
Синоптиктер елімізде аптап ыстық қашан басылатынын болжады
Фото:elements.envato.com

Синоптиктер Қазақстанда 8-10 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Метеорологтар мәліметінше, Қазақстанның көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен 9 маусымда солтүстікте, елдің орталығында жаңбыр, бұршақ және құмды дауыл болады.

"8 маусымда аптап шығыста сақталады, 8-9 маусымда елдің оңтүстік-шығысында +41 градусқа дейін, 8-9 маусымда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста +20+28 градусқа дейін біртіндеп төмендейді деп күтіледі", - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар