$ 524.58  551.91  4.93

Атырауда үйінен қашып кеткен оқушы ата-анам намаз оқуға мәжбүрлейді деп өтірік айтқан

Үйінен қашып кеткен жасөспірімнің ұрлық жасауға бейім екені анықталды.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Атырауда үйіне қашып кеткен жасөспірімнің ұрлық жасауға бейім екені анықталды. Ол ақталу үшін ата-анасының намаз оқуға мәжбүрлегені туралы өтірік айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау мәселесі қаралды.

Атырау облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтың айтуынша, жасөспірімдер тәрбиесіне баса мән берілуі қажет.

Өйткені олардың кейбірі ұрлыққа бейім екені анықталып отыр.

«Ханафи мазһабын ұстанатын отбасындағы жасөспірім үйінен қашып кеткен. Теологтар бұл отбасындағы тәрбие мәселесіне зерделеу жүргізді. Сол кезде жасөспірімнің ұрлық жасауға бейім екені анықталды. Жасөспірім ақталу үшін ата-анасының намаз оқуға мәжбүрлейтіні туралы өтірік айтқан», - деп мәлім етті Қайролла Көшқалиев.

Оның дерегінше, спорт жаттықтырушыларының арасында жат діни ағымды ұстанатындар бар.

Бұл спорт үйірмелеріне қатысатын жасөспірімдерге әсер ету мүмкін. Сол себептен, спорт залдарын «Сергек» бейнебақылау жүйесіне қосу қажет.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуованың айтуына қарағанда, спорт залдарына рейд жүргізілген.

Рейд кезінде спорт залдарында топтасып намаз оқу дерегі анықталмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары