$ 498.34  519.72  4.85

«Ислам мемлекетінің» ең жауыз баскесері өлтірілді

Иракта белгісіз біреулер «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының №1 баскесері деген атаққа ие Әбу Сайяфты өлтіріп кетті. Бұл туралы The Daily Mail басылымы Ирактағы БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.

«Белгісіз қарулы топ 29 қаңтар күні ДАИШ-тың ең танымал баскесері Әбу Сайяфты өлтірді. Оны Мосулдың батысындағы әл-Даваса ауданында алдап тұтқынға түсірген. Ол бірнеше жерінен пышақталып, оқиға орнында қаза тапты», - деп мәлімдеді Ирак қауіпсіздік қызметінің өкілдері жергілікті БАҚ өкілдеріне. Ал, кейбір мәліметтер бойынша Әбу Сайяфты пышақтап емес, атып өлтірген.

Әбу Сайяф «Ислам мемлекетінің» сапына қосылғалы бері 100-ден астам адамның басын алған. Ол сондай-ақ, Найнава провинциясындағы ДАИШ бөлімшелерінің бірін басқарған. Лаңкес өз құрбандарының бастарынан коллекция жасап, ұйымның атынан видео арқылы уағыздар жүргізгені де белгілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары