$ 443.85  474.3  4.8

Меркеде жүк пойызы жолдан шығып кетті

Меркі стансасында Бішкекке бағыт алған жүк пойызының 6 вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлады КирТАГ Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алдын ала болжам бойынша, бүгін таңғы 9:41-де Жамбыл облысы (Қазақстан) Меркі ауылы маңында Бішкекке бет алған көмір тиелген жүк құрамының 6 вагоны рельстен шығып кетті. Пойызда Қырғызстанның төрт азаматы болған, зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада. Әзірге Қазақстан мен Қырғызстан темір жол қызметтері оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Дерекөз: Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары