Абай облысында өрт аумағынан жоғалып кеткен орманшы Сергей Архиповтың тракторы табылды, деп хабарлайды Sputnik.kz.
"2 тәуліктен астам уақыт бойы полицейлер 1987 жылы туған, Бесқарағай ауданының Долон ауылының тұрғыны Сергей Николаевич Архиповты іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол соңғы рет 10 маусымда байланысқа шығып, өртті сөндіруге көмектесіп жатқанын айтқан", - деп хабарлады Абай облысының полиция департаменті.
Полиция хабарлағандай, 12 маусымда Дмитриевка ауылынан Бородулиха ауданының Ауыл станциясына қарай бес шақырым жерде, тас жолдан 1 км қашықтықта трактор ақаусыз күйде табылған. "Архиповтың тұрған жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жалғасып жатыр", — деп атап өтті ведомстводағылар.