13.06.2023, 10:40

Павлодар облысында бірнеше ауыл жарықсыз қалды

Фото: pixabay
Октябрьская көшесінен 74-тен 90-ға дейінгі тұрғын үйлер мен пошта, медициналық пункт жарықтан ажыратылады.

13 маусымда Павлодар облысының Ботабас, Шегірен, Арбиген, Есілбай ауылдары электр энергиясынан уақытша ажыратылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Pavlodarnews.kz порталының жазуынша, әуе электр желілеріне күрделі жөндеу жүргізілуіне байланысты Сосновка ауылы, Шарбақты ауылының Чкалов көшесі, 35, 37, 43, 46, 52, 54 тұрғын үйлер, Қамзин көшесі, 37, 43, Әбенов көшесі 12-ден 51-ге дейін, Антонов көшесінен 2-ден 40-қа дейін жұп жағы, 5-тен 21-ге дейін-тақ жағы, Баян батыр, 28,34, 38, КНС-5, "Веселый улей" дүкені, Қарабидайдағы Новосельская көшесіндегі 40-тан 70-ке дейін, Октябрьская көшесінен 74-тен 90-ға дейінгі тұрғын үйлер мен пошта, медициналық пункт жарықтан ажыратылады.

Жөндеу жұмыстары сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жалғасады.