$ 498.34  519.72  4.85

Екі орманшы иіс тиіп уланып қалған - Абай облысы әкімі

Қазіргі уақытта өрт салдарынан үш үй өртенді.
Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ

Абай облысындағы өрт кезінде орман шаруашылығының екі қызметкері иіс тиіп уланған. Сондай-ақ, үш үй, екі техника өртенді. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қазіргі жағдайды баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Баяндама барысында аймақ басшысы қазіргі уақытта Бұлақ, Талица, Половинки ауыл тұрғындары (463 адам) қауіпсіз жерге көшірілгенін айтты.

Сондай-ақ, оның айтуынша, эвакуациялау орындарында полиция қызметкерлері кезекшілік етіп жатыр. Тұрғындар Семей қаласы мен Бородулиха ауылының эвакуация пункттерінде.

"Өрт сөндіруге тартылған және эвакуацияланған азаматтарға азық-түлік жеткізіледі. Қазіргі уақытта өрт салдарынан үш үй өртенді, екі техника, көміртегі тотығымен уланған орманшылықтың екі қызметкері сауығып келеді, тракторшы Д.К. Қанафин жалпы палатаға ауыстырылды, С. М. Бақанасов үйіне жіберілді", - деді Уранхаев Үкімет отырысы кезінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары